Мусина Халифа Сейтжанқызы
1959 жылы 28 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген.
1977-1981 жылдары Алматыдағы Н.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін, 1981-1986 жылдары Алматы мемлекеттік театр-өнер институтын тәмамдаған.
1993 жылы ҚР Суретшілер Одағының мүше болса, 2004 жылдан ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі.
2007 жылы Эстонияның Таллин қаласында өткен «MAX MODA-2007» халықаралық фестивалінің дипломанты.
2009 жылы Италия мемлекетінде «Culture and Arts of Midetteraneanand Afriatic regions» фестивалінің сертификатымен марапатталған.
2015 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына орай өткен «New-Retro ART» республикалық пленэр-шеберлік сағатының сертификатымен марапатталған.
2016 жылы Тараз қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізілген «нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің республикалық конкурсының дипломанты.
2017 жылы Башқұртстанның Уфа қаласында өткен IV халықаралық «Уфа-Ладья. Арт. Ремесла. Сувениры» атты жәрмеңке-фестиваліне қатысып, дипломмен марапатталған.