«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Өнер жауһарлары» атты музей қорындағы туындылар туралы онлайн дәріс сағаты

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде  9-шілде куні «Өнер жауһарлары» атты музей қорындағы туындылар туралы  онлайн дәріс сағатты ұсындық.                                                                                                                

Дәріс сағаттың мақсаты:  қылқалам шеберлері мен қолөнершілердің туындыларын көрерменге насихаттау. Сағатта Республикамызға белгілі қолөнерші әрі суретші Қалиев Нұрсұлтан  жөнінде  айтылды.                                                                                                                

Шебердің арманы: Бәрі де сол 12 жасымда ағаш жарып, үйге отын тасып жүрген кезімде басталды. Шабылған ағаштардың пішініне қарап отырып көзбен түрлі мүсін салатынмын. Бірде пышақпен қыран құстың мүсінің жасадым, бұл туындымды еңбек сабағында жақсы бағалады,- дейді қолөнерші әрі суретші Н.Қалиев.  Ол бүгінде облысымызға белгілі кәдесыйлар жасап жүр. Соңғы жылдары ұлттық музыкалық аспап түрлерін қобыз, домбыра, ұрмалы аспаптар...Мәселен, оның арнайы тапсырыспен жасаған қобыздарын Дина Нұрпейсова  атындағы ұлт аспаптар оркестрінің мүшелері қолданып жүр.   Н.Қалиевтің баға жетпес, қайталанбас туындылары Ш.Сариев атындағы өнер музейінде және Атырау облыстық тарихи өлкетану мұражайында сақтаулы.    Н.Қалиев   1978 жылы 20 ақпанда  Атырау қаласы Балықшы кентінде дүниеге келген. 1993 жылы мектепті бітіріп, 1995 жылы қалалық  ІІ училищені электрик мамандығы бойынша бітіріп шығады. Осы жылы Атырау агротехникалық колледжіне түсіп, 1998 жылы техник- механик мамандығын игерді. Кейін 2001-жылы  әскердегі борышын өтеп келген соң сол жылы жүрегі қалаған суретші- безендіруші мамандығын Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде меңгеріп шығады.   Қазіргі уақытта  облыстық, республикалық әлемдік байқауларда жоғарғы дәрежелі дипломдармен марапатталып жүр.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ