«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Илья Жақановпен «Оның сурет әлемі» тақырыбында бейне сұхбат өтті

2020 жылғы 17 шілде күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде  Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Дәнекер» ордендерінің иегері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Илья Жақановпен «Оның сурет әлемі» тақырыбында бейне сұхбат өтті.  

Бейне сұхбат мақсаты:  есімі елге танымал, белгілі композитор әрі қылқалам шебері Илья Жақановтың суретшілік қыры,  сурет әлеміндегі қолтаңбасы, оның сурет әлемі  туралы көрерменге насихаттау.  

Қазақ музыкасы мен әдебиетінің арасына алтын көпір орнатып, руханияттың қос қырына қанат бітірген, бірінің сырын екіншісі арқылы дамыта білген Илья Жақановтың есімі дара аталады. Сырлы да сазды әндерімен қазақтың кең даласын тербеткен, ұлттық музыка жауһарларын зерттеумен бірге бейнелеу әлемінде де тың туындыларымен ерекшеленген белгілі композитор, жазушы, суретші Илья Жақанов 1936 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және дизайн факультетінде білім алған. Қазақстан және Қырғызстан Республикасының «Еңбек сіңірген қайраткері» (1994-1998 ж.ж.), Қазақстан Республикасының «Парасат» орденінің иегері (2004 ж.), Қырғызстан Республикасының «Дәнекер» орденінің, Қазақстан Республикасының «Отан» орденінің (2019 ж.)  иегері. Ұлттық музыка академиясының Құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Көркемсурет академиясының Академигі. Суретші туындылары өнер музейі қорында сақталған. Фейсбуктегі сілтемесі:

https://www.facebook.com/100011081016693/videos/1235372133508809/?t=1 /Көрермен саны: 366/

       

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ