«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Махамбет ауданында Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, суретші, композитор Илья Жақановтың «Бұл менің Ұлы мекенім» тақырыбындағы көшпелі шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында сөз алған Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Ахметов талантымен тамсандырған елге белгілі композитордың сазгерлігімен қоса, суретшілік өнері туралы тереңнен толғап, талант алдындағы таңданысын жасырмады. Қасиетті өңір Махамбет елінде өткізіліп отырған көрмеге қойылған қылқалам шеберінің әр туындысы қайталанбас ғажайып мұра екендігіне тоқталды. ҚР Суретшілер Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Айса Отаралиев, жазушы, журналист Тарас Наурызәлі Илья Жақановтың музыкалық ізденістері, зерттеулерімен қатар, бейнелеу әлемінде әлі де талай таңдай қақтырар тың туындылар әкеледі деген сенім білдіріп, ақжарма тілектерін ақтарды. Келген қонақтар көрмені тамашалап, естелік суретке түсті. Суретшінің әр туындысы қазіргі және келер ұрпақтың ғибрат алар, үлгі-өнегесіне айналар тың дүниелер. Өйткені оның барлығы таланттың ерекше шабытынан туындаған, үнемі ізденіс пен әдемі әуен үнімен астасып шыққан қайталанбас қазына. Кең далада жүріп, табиғатпен сырласа, әуезді әуенмен мұңдаса, ішкі жан-дүние сырымен қабыса өрілген суретші «мұрасына» қызыққан жұртшылық әр суреттің астарына үңіліп, тарихымен танысты. Осымен облыстың жеті ауданында өткен композитор, суретші Илья Жақановтың "Бұл менің Ұлы мекенім" жобасы өз мәресіне жетті.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ