«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Мұнайлы Мақат өңірінде Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мұнайлы Мақат өңірінде Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, композитор, жазушы, суретші Илья Жақановтың «Бұл менің Ұлы мекенім» тақырыбындағы шығармашылық көрмесі өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин Илья Жақановтың шығармашылығы туралы терең толғаныспен баяндады. Қылқалам шеберінің көрмеге қойылған ғажайып суреттерін көруге келген мұнайлы аудан жұртшылығы, суретші туындыларына үлкен қызығушылық танытты. Әсіресе аудан тұрғыны Қаби ақсақал суреттердің тарихы туралы сұрап, сурет сырларына қанықты. Айналасын тау жартастары қаптаған, кішкентай жасыл алқабы бар, елді мекен бейнеленген суретшінің «Қоянды Қойтас» картинасы, сондай-ақ ашаршылық кезінде халықты аштықтан аман алып қалуға септігі тиген көл туралы суреттелген «Көлме-көл» суретінің тарихы келушілерді қызықтырды. Жылыой өңірі құм жұтқан қорғандар мен қоныстардың орталығы. Соның ішінде Иманқара үңгірі сарматтардың кезінде ғибадатханасы саналған. Оған себеп Иманқара тауының үстінде сарматтардың жиырмаға жуық обалары бар. Әр тауының, әр тасының таусылмас сыры, мол жұмбағы бар «Иманқара үңгірі» суретші қаламына арқау болған. Суретшінің көптеген туындылары әндерінің желісімен бейнеленген. «Еділ-Жайықты» аңсап жеткен композитордың көптеген әндері Атырауға келгеннен кейін жарыққа шықты. Мақат аудандық мәдениет үйінде өткен ән кешінде «Мақаттың ерке бұлбұлы» әні Жанат Өтепованың орындауында алғаш рет сахна төрінде шырқалды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ