«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

5546 әскери бөлімінің сарбаздарының қатысуымен мерекелік шара және музей қоры туындыларынан көрме

2022 жылдың 5 мамыр күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 7 мамыр – «Отан қорғаушылар күніне» арналған «Отан қорғау парызым» атты ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің сарбаздарының қатысуымен мерекелік шара және музей қоры туындыларынан көрме өтті. 
 
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, балаларды туған елін, жерін Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
 
Ел — халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскери қызметкерлердің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Жүректері лаулап тұрған, елі мен жерін қорғау үшін аянбай еңбек етіп, Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген сарбаздарды мерекесімен құттықтап, сонымен қатар балаларға туған елін, жерін құрметтеуге, патриоттық сезімін оятуға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шарада сарбаздар өз ойларымен бөлісті. Музыкалық аспап- гитара мен домбырада ән шырқап балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, аталмыш мерекеге байланысты экскурсия жүргізушісі А.Дюсенғали музей қоры туындыларынан көрме өткізді. Көрмеге Тілек Халинның «Мәңгілік үміт», Кендір Отарбайдың «Халық қаһарманы – Хиуаз Доспанова», Абуов Тұрсынның «С.Нұрмағамбетовтың портреті», Тулешов Ораздың «Өмірімді қиямын» және осы секілді т.б. туындылар қойылды. 
 
Шараға ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің сарбаздары және «Darkhan» өнер мектеп студиясының оқушылары қатысты. Оқушылар мерекелік шараны тамашалап және музей залдарына өткізілген экскурсияны тыңдап, ерекше әсер алды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ