«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Матениязов Серік Қамидоллаұлының 65 жылдығына және оның зайыбы Ләззат Мамырованың 55 жылдығына арналған авторлық мүсіндер, картиналар коллекциясы бойынша көрмесі өтті

2022 жылдың  19 қыркүйек  күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер және Дизайнерлер Одағының мүшесі, мүсінші, бірнеше ескерткіштердің авторы Матениязов Серік Қамидоллаұлының 65 жылдығына және оның зайыбы Ләззат Мамырованың 55 жылдығына арналған музей қоры туындыларынан авторлық мүсіндер, картиналар коллекциясы бойынша  көрмесі өтті.

Шараның мақсаты: Өнер иелерінің шығармашылығымен кеңінен таныстыру. Соның ішінде мүсіндері,майлы бояу кескіндемесі мен қолөнері туралы мағлұмат беру.  Сонымен қатар, Ш.Сариев атындағы Өнер музейінің қорындағы шығармаларымен таныстыру.

Көрмеге Серік Матениязовтың «Қайғылы ана», «Құрманғазы мүсіні» және Ләззат Мамырованың «Ақінген мұнай кеніші» туындылары қойылды.

Шараға Шаймардан Сариев атындағы Өнер музейінің жанындағы «Бейнелеу өнері» студиясының оқушылары қатысып, шығармашылығымен танысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ