2022 жылы 5 қазан күні Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде қала күніне орай "Менің сүйікті қалам-суреттер әлемінде" тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме және музей залдары бойынша экскурсия өтті.
Көрменің мақсаты: туған өлкеге деген сүйіспеншілікті, оның өткеніне деген қызығушылықты қалыптастыру, патриотизм сезімін, туған өлкеге, өзінің Отанына деген сүйіспеншілігін, өз халқына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Бұл күндері біздің сүйікті Атырау қаламыз өзінің кезекті туған күнін атап өтуде. Қала 382 жасқа толады. Әдетте бұл маңызды күнге орай бірқатар мәдени-бұқаралық, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары жоспарланады.
Шараға жоғары инновациялық халықаралық қатынастар колледжінің 1 курс студенттері қатысып, қала күніне орай ұсынылған көрме бойынша экскурсияны тамашалады. Көрмеге 30-ға жуық туынды, олардың ішінде өз кенептерінде қаламыздың барлық сұлулығын жеткізе білген М.Давлетьяровтың, К. Жапалованың, А. Утаралиевтың, Б. Телеубайдың, Қ.Амановтың және т. б. суретшілердің туындылары қойылды.
Көрмені экскурсия жүргізушісі М. Болатова өткізді.