«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Мүсіндер сөйлейді» атты музей қорындағы мүсіндер туралы дәріс сағат өтті

2022 жылдың  10 қараша қазан  күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Мүсіндер сөйлейді» атты  музей қорындағы мүсіндер туралы дәріс сағат өтті.

Шараның мақсаты: Студенттерді мүсін өнерінің түрлерімен және мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау.

Мүсінді «скульптура» деп те атайды. Ол латынның – sculptura деген сөзі, «қашап жасау»  деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал – аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма  кеңістікті көруге, жан-жағынан толық қарауға әбден мүмкіндік береді.  Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст – кеуделік мүсін; статуя – адам денесін тұтастай  тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы  композиция – бірнеше адам тобын  сомдаған мүсіндік көркем шығарма.    Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы-барлық көлемін ,пішінін анық көрсетеді.  Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.      

Дәріс сағатқа Қ.Дүтбаева атындағы Атырау  гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Экскурсия жүргізішісі: Ә.Асқарқызы студенттерге музей залдары бойынша экскурсия жүргізді.

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ