«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Ұлттық дәстүр ұлағаты» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

2022 жылдың 15 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ұлттық дәстүр ұлағаты» тақырыбында қолөнер шебері Нұрсұлтан Қалиевтың музей қоры туындыларынан көрме және қолөнер шеберінің шеберлік сағаты өтті.

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатырған көне дәстүрлі өнердің бірі. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан, сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің білдіреді. Жастайынан ағаш тамырымен сусындап өскен, атадан балаға, баладан немереге дарыған қолөнершілік өнерді дамытқан  облысымызға, республикаға танымал қолөнерші, суретші Қалиев Нұрсұлтан Молдағұлұлының өнерін айтуға болады.

Қалиев Нұрсұлтан Молдағұлұлы 1978 жылы 20 ақпан айында Атырау қаласы, Балықшы кентінде туып өсті. Мектеп табалдырығын 1984 жылы аттап, 1993 жылы толықтай білім алып шықты. 1993 жылы Атырау қаласындағы №1 училищесіне түсіп, 1995 жылы электрик мамандығын алды. Осы жылы Атырау агротехникалық колледжіне түсіп, 1998 жылы техник-механик мамандығын бітірді.

Көңілі қалаған «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына 2001 жылы Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне түсіп, 2006 жылы толықтай үздік бітірді.

Оқуын тәмамдаған соң, мамандығы бойыншы суретші-безендіруші болып еңбек етті. Қазіргі уақытта шығармашылық жұмыстарын жасап, Республикалық деңгейде дипломант атануда.

Қолөнер шебері Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің «Көркем еңбек» мамандығының студенттеріне иленген теріден торсық жасаудан шеберлік сағатын өткізді. Соның ішінде алдымен туындының сұлбасын жасап алудан бастап, пішінін келтіруді,  қалай және қандай құралдарды пайдалану арқылы безендіруге болатынын студенттерге көрсетіп, түсіндірді. Қолөнерші Нұрсұлтан Қалиев өз жұмысына қызығушылық танытқан колледж студенттері Мәдениетова Жаннат, Жеңісжанұлы Жансұлтан, Отарғали Әсемгүлге торсықты тігудің қыр-сырын үйретті.

Қолөнерші Шаймардан Сариев атындағы Өнер музейі қорындағы  «Қос жүзік», «Батырлар ұрпағы», «Бабалар үні», «Атырау байлықтары», «Махамбет», «Рухты қазақ», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Бәйтерек», «Ұлт жолы», «Тұнған тарих», «Ұрпақтар жолы» секілді туындылары туралы айтып, жеке таныстырды.

Қолөнершіге Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорындағы туындылар жинақталған «Қазақстан бейнелеу өнері» каталогы табыс етілді.

Көрмені экскурсия жүргізушісі Аида Дюсенғали өткізді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ