«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Студенттер күніне» арналған көрме өтті

2022 жыллың 17 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде  «Студенттер күніне» арналған көрме өтті.

Халықаралық студенттер күні – бүкіл әлем бойынша университеттер мен институттардың, колледждердің, сондай-ақ басқа оқу орындарының барлық студенттері атап өтетін мереке.

Халықаралық студенттер күні 1946 жылы 17 қарашада бекітілді. Мұндай  шешім Чехияның астанасы Прагада өткен Бүкіләлемдік студенттер конгресінде қабылданды. Мереке туған елге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленген студенттерді еске алу үшін белгіленді. Қазіргі уақытта мереке романтикалық атмосфера мен көңіл көтерумен байланысты. Шын мәнінде, мерекенің тарихы қайғылы оқиғалардан бастау алған еді. Сол мезгілден бастап қарашаның 17-сі  Халықаралық студенттер күні болып аталып келеді. Қазіргі уақытта бұл мереке әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Мерекелік күннің бағдарламалары әртүрлі. Студенттер мерекені шынымен бағалайды.

Бүгінгі көрмені Атырау бизнес және құқық колледжінің І-ІІ курс студенттері тамашалап, Ш.Сариев атындағы өнер музейінің қорындағы туындылармен танысып, бейнелеу өнеріне жақын бола түсті.

Экскурсияны М.Болатова жүргізді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ