«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» арналған «Азат-елім Қазақстан!» музей қоры туындыларынан көрме

2022 жылдың  14 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейінде «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» арналған «Азат-елім Қазақстан!» музей қоры туындыларынан көрме өтті.

Шараның мақсаты: Өскелең ұрпаққа халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған еркіндікке, тәуелсіздікке жету жолындағы желтоқсан оқиғасы туралы кенеп бетіне түсірілген картиналар арқылы түсіндіру. Бабаларымыздың жүріп өткен жолдары туралы насихаттау.

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 31 жыл. Отыз бір жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.

Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жаңа мемлекет–Тәуелсіз Қазақстан келді.

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көте¬ре¬тін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.

Аталған шараға музей қорынан «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай «Азат-елім Қазақстан!» тақырыбындағы көрмеде музей қорынан К.Жапалованың «Тәуелсіздік таңы», Қ.Айтқалиевтің «Жаңарған өлке, Атамекен», А.Айтмагамбетовтың «Тәуелсіз Қазақстан», Ж.Рахметовтың «Бабалар рухы», Ж.Аралбаевтың «Жаңғырықтан кейін», Ә.Жантасовтың «Қансонар-86» және т.б. осы секілді туындылары қойылды. 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ