2022 жылдың 21 желтоқсан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы Өнер музейі жанындағы «Бейнелеу өнері» студиясы оқушыларының «Жаңа жыл ғажайыптары» атты шығармашылық көрмесі өтті.
Шараның мақсаты: Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау көрсету, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, балаларға жаңа жылдық керемет көңіл-күй сыйлау.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. «Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа», - деп, ескі жыл-тышқан жылымен қоштасып енді,жаңа жыл-2023 жыл қоян жылын қарсы аламыз.
Бүгінгі көрмеде Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшы орынбасары Назгүл Төлегенқызы балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап сөз сөйледі.
Музейдегі «Жаңа жыл ғажайыптары!» тақырыбындағы студия оқушыларының көрмесіне 30-дан астам жұмыс қойылды. Шараға студия оқушылары, ата-аналар қатысты.