2023 жылдың 10 ақпан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, кескіндемеші Павел Степанович Андриюктің 100 жылдығына арналған тақырыптық дәріс сағат өтті.
Шараның мақсаты: музей көрермендерін қылқалам шебері Павел Степанович Андриюктің өмірбаянымен, суретшінің ерекше шығармашылығы және Өнер музейі қорындағы тың туындыларымен таныстыру.
Андриюк Павел Степанович 1923 жылы 17 сәуірдеЖитомир облысы, Чуднов ауданы, Красноселка селосында дүниеге келген. 1923-1941 жылдары Омбы көркемсурет училищесінде дәріс алған. 1946 жылы Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. 1959 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қарағанды қаласының алғашқы көркемсурет цехтарының бірін басқарған. Ол ауыл пейзаждарын, қала көріністерін салуды өте жақсы көрді. Қазір Қарағанды бейнелеу өнері мұражайының қорында Павел Андриюктің көптеген жұмыстары сақталған.
Шаймардан Сариев атындағы өнер музейі қорында суретшінің «Ертіс», «Балқаш көлі», «Бухтарминск теңізі», «Бұрғылау мұнарасы» атты туындылары бар.
Дәріс сағатқа Жоғары иновациялық халықаралық қатынастар колледжінің студенттері қатысып, музей залдары бойынша экскурсия тамашалады.