2023 жылдың 16 ақпан күні YEMAA заманауи өнер орталығында Ш.Сариев атындағы көркесурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті. YEMAA заманауи мәдениет орталығы-заманауи өнерді дамытуға және аймақтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көпсалалы ашық өнер орталығы болып табылады.
Көрме-адамдарды шығармашылықпен таныстырудың бір жолы.
Жылжымалы көрмені өткізудің мақсаты – көрермендерге Қазақстанның бейнелеу өнерін насихаттау және танымал ету, музей қорындағы туындылармен, мәдениетпен, тарихпен, өнермен танысу, өнер туралы білімдерін кеңейту болып табылады.
Көрмеге музей қорынан портрет жанрындағы 10 жұмыс қойылды, атап айтқанда: Ш. Сариевтің "Қызғылт киімдегі қыз", "Сыйыну", С. Романовтың "Айжан дос қызымен", А.Утаралиевтің "Табылды Досымовтың портреті", Р. Говеоның "Мексикалық суретші Фрида Калоның портреті", Н. Наседкиннің "Тон киген шопан", А.Ғұбашевтің "Шәкәрім Құдайбердиев", М.Қалимовтың " Аспирант Асқанбаеваның портреті", А.Школьныйдың "Батуми портының еңбек сіңірген теңізшісі".
Сондай-ақ, іс-шарада YEMAA заманауи өнер орталығы мен Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі арасында бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған серіктестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, өзара тиімді бағдарламаларын іске асыру үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Жылжымалы көрмені Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері мен оқытушылар құрамы, шетел азаматары мен қала тұрғындары тамашалады.