2022 жылдың 2 наурыз күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған көркемсурет студиясы оқушыларының «Менің анам» атты көрмесі өтті.
Шараның мақсаты: Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау жасау, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Көрмеге көркемсурет студиясы оқушыларының 20 жұмысы қойылды. Әрбір жұмыс ерекше, үлкен ықылас пен сүйіспеншілікпен бейнеленген. Кез-келген сурет балалардың шынайылығы мен энергетикасына толы. Мамкина Елезавета, Нурланкызы Инжу т.б оқушылар суретте өз аналарын бейнелесе, Кенжемұратқызы Ақторғын, Калымгали Лейла, Тілек Каракат гүл шоқтарын қағаз бетіне түсірді. Суреттер гуашьпен, акварельмен және түрлі-түсті қарындашпен салынған. Көрменің ашылу салтанатында концерттік бағдарлама, қызықты ойындар ойнатылып, байқаулар ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушылар аналарына арналған құттықтау хатын өз қолдарымен әдемі ашық хат ретінде ұсынды.Көрмеге қатысқан барлық оқушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.