«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Аналар бейнесі» тақырыбында шығармашылық көрме өтті

2023 жылдың 3 наурыз күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған «Аналар бейнесі» тақырыбында шығармашылық көрме өтті. 

Көрменің мақсаты: көрермендерді кенеп бетіне түсірілген нәзік жандылар бейнесімен таныстыру. Ш.Сариев Өнер музейі қорындағы туындыларды насихаттау.

8 наурыз – ең жауапты салаларда еңбек ете жүріп, әрқашан жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетіп, алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін ерекше әрі тиімді шешім табатын нәзік жандылар үшін ерекше күн. 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. 8 наурыз - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аяулы жандардың мерекесі. 

Көрмеге М.Қалимовтың «Лиза Қалимованың портреті», Л.Қалимованың «Ақбота», Н.Наседкиннің «Сауыншы Т.Мальцеваның портреті», «Күләш», Қ.Досниязовтың «Марта Брилл Олкоттың портреті», С.Гузеваның «Томирис», Н.Эксузьянның «Күнқыз», «Қыз Жібек әні», А.Оспановтың «Тоғжанның келбеті», Т.Халиннің «Мәртебелі көктем» секілді туындылары қойылды. 

Шараға Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, нәзік жандылар бейнесі суреттелген қылқалам шеберлерінің ерекше туындыларымен танысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ