«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

14 наурыз – көрісу күніне арналған мерекелік шара және көрме

2023 жылдың 14 наурыз күні Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 14 наурыз – көрісу күніне арналған мерекелік шара және көрме өтті. 

Шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа, музей көрермендеріне қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы терең мағлұмат беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету. Қазағымыздың салт дәстүрлерінің бірі – көрісу күнінің ерекшелегімен таныстыру.

Көрісу – Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін наурыз көжеге шақырып, ағайын-туыстарына, меймандарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Көрісу тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Қариялардың айтуынша, бұл күні реніште жүрген жандар татуласады. Сондықтан көрісу айты – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін дәстүр.

Мерекелік шараны музей басшысы Төлеген Орынбасарұлы құттықтау сөз сөйлеп ашып, көрісу күнінің мақсаты мен ерекшелігіне тоқталды. Шара барысында қазақ халқының бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан ең маңызды және көне ғұрыптарының бірі – тұсау кесу рәсімі өткізілді. Ерте кезден бастап және осы уақытқа дейін қазақ халқы бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатып той жасаған. Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Сондықтан, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын елге белгілі,сыйлы жандарға кестіретін болған, ол бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Мерекелік шарада Алтыбаевтар әулетінің батыры, Мұрат немересі Ермекұлы Дінмұхамедтің тұсауы кесілді. Тұсаукесер рәсімін арнайы мейманымыз Қазақстан және Қырғызстан Республикасының «Еңбек сіңірген қайраткері», «Парасат», «Дәнекер», «Отан» ордендерінің иегері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Илья Жақанов ағамыз өткізді. Құлдырандап шауып кеткен сәбидің болашағы жарқын болсын деген ақ батасын арнады.

Шарада ақ өнімдері қойылған мерекелік дастархан жайылып, келген меймандар мен қала қонақтарына наурыз көже ұсынылды. 

Кеш соңында «Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын» - дей отырып, Илья Жақанов ағамыз музей ұжымына, шараға қатысушы барлық меймандарға “наурыз-бата” берді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ