«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

7 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік

7 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастырған Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР "Парасат" орденінің иегері Илья Жақановтың "Бұл менің Ұлы мекенім" атты жеке шығармашылық көрмесі құтты мекен Қызылқоға ауданындағы «Арман» мәдениет үйінде жалғасын тапты. Көрмені Қызылқоға ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Медет Мұхтарұлы жылы лебізімен бастады. Лента қию рәсімі өтіп, көрме ашылды. Көрмеге И.Жақановтың портреттік және пейзаждық жанрда жазылған туындалары қойылып, экскурсия жүргізілді. Қызылқоға жұртшылығы қызығушылықтарын көрсетіп, өз ықыластарын білдірді. Жас жеткіншектермен қатар суретші өнеріне тәнті халық қолтаңба алып, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Көрме «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен ән кешімен жалғасты. Ән кешін ҚР Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы Қалидолла Ізекенұлы Илья Жақановпен сұхбаттаса отырып жүргізді. Сұхбат барысы белгілі композитор Илья Жақановтың "Жайлаукөл кештері" әнімен басталып, "Еділ мен Жайық", "Әселім" сынды т.б. әндерімен  жалғасын тапты. Кеш барысында Қызылқоға ауданының мәдениетінің дамуына өз үлесін қосқан, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Жания Қалиқызы жүрек жарды тілегін білдірді. Ән кешінде И.Жақанов әндерінің тарихы туралы айтылып, әндері өз дәрежесінде шырқалды. Өнер иесіне деген халықтың ықыласы  ерекше. Кеш барысында И.Жақанов өз  ризашылығын білдіріп, ән орындаушыларға  ерекше алғысын айтты. Қанша мақтау айтсада артық етпейтін Илья Жақанов өз әндерін елге шырқап та берді.  Қызылқоға ауданының жұртшылығы ұйып тыңдап, кеш иесін қошеметке бөледі. Аудан басшысы   Арман Сырымұлының алғыс хаты табысталып, иығына ақ шапан жабылды. Көрме өз дәрежесінде, жоғары деңгейде өтті.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ