«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Жаздың қайталанбас реңі» тақырыбына арналған тақырыптық дәріс-сағат өтті

2023 жылдың  23 маусым күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Жаздың қайталанбас реңі» тақырыбына арналған тақырыптық дәріс-сағат өтті.

Дәріс сағаттың мақсаты-ел мәдениетінің мәйегі саналатын музей қорындағы жаз мезгілін суреттеген туындыларды таныстыру.

Табиғат жаратылысы жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгілдің өніне тән қызығы мен сейіл серуені бар. Басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен жайдары жаз да келіп жетті.

Жайдары жаз басталғалы бері табиғат-Ана құлпырып сала береді. Бұл мезгілдің арайлап атқан таңы да ерекше болатыны сөзсіз. Соның ішінде суретшілер үшін жаз мезгілі әрқашан шабыт көзі болып табылады.  Суретшілер осы ерекше көріністі кенеп бетіне өте бай лирикалық тұрғыда арман-қиялымен ұштастырып жазады.

Дәріс сағатта музей қорындағы Қ. Амановтың «Жазғы қора»;

М. Давлетьяровтың «Жаз жайлауы»; Ж.Аралбаевтың «Жаздағы құбылыс», «Жаз»; Э. Жұмабаеваның «Жазғы аула» туындылары таныстырылды.

Дәріс сағатқа 8 оқушы қатысты. Экскурсия жүргізушісі: Ә.Асқарқызы студенттерге музей залдары бойынша экскурсия жүргізді.

Көрермен саны: 9. 1 ересек, 8 оқушы

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ