«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Балықшылар күніне» салтанатты шара өтті

?2023 жылдың 5 шілде күні Балықшы кентіндегі облыстық халық шығармашылығы орталығында «Балықшылар күніне» салтанатты шара өтті. Шараға Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі жылжымалы көрмемен қатысты. 

?️Көрмеге Абай Айтмағамбетовтың «Қысқы  әуен», Никель Игорь Ивановичтың «Кемені жүктен босату», «Үндестік»,  Лаззат Сержанның  «Демалыс», Бажанов Анатолий  Николаевичтың «Өзен жағасында  балық  аулау  маусымы», «Каспий жағасында», Слекенов Рафаэль Оразбайұлының «Балықшының түсі», Тосунов Василий Николаевичтың «Натюрморт  Гурьевский» атты туындылары қойылды. Мәселен Сержан Лаззаттың «Демалыс» туындысында ортада өте үлкен емес, тыныш өзен бейнеленген. 

?Өзен жағасында балықшылар балық аулау үстінде. Күн батуға сәл-ақ қалған, сондықтан ашық түстермен бейнеленген. Балықшылардың отырыстарынан жағада көп уақыттан бері отырғаны байқалады. Бірақ кетіп қалуды қаламайды,  балық болады деген үмітпен отырған сыңайлы.  

?Көрмеге қойылған туындыларды жиынға қатысушы меймандар, балық кәсіпшілігінде еңбек еткен байырғы балықшы ардагерлер және де қала тұрғындары тамашалады.

 

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ