«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Гүлдене бер, бас қалам!» тақырыбында көрме өтті

2023 жылдың 5 шілде күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 6 шілде – «Астана күніне» орай «Гүлдене бер, бас қалам!» тақырыбындағы музей қоры туындыларынан көрме өтті.

?️Көрменің мақсаты: оқушыларға Астана күні туралы мағлұмат беру. Музей қорындағы жергілікті суретшілердің кенеп бетіне түсірілген астанамыздың бейнесін оқушыларға түсіндіру. 

Қасиетті де өнерлі Астана тарихы тереңнен бастау алады. Қазіргі таңда ұранды ұрпақтың арманы орындалып, Астана да өз алдына шаңырақ көтеріп, керегесін керіп, уығын шанши бастады. Астана – ең ыстық, ең аяулы, ең маңызды, ең асыл өлке. 

Көрмеге Ж.Аралбаевтың «Жаңғырықтан кейін», «Гүлденген өлке», И.Арыстановтың «Астана», Е.Даукеновтың «Экспо-Астана», Ә.Қабесованың «Гүлденген Астана», Н.Қалиевтың «Бәйтерек», Т.Оразғалидың «Экспо-2017»,  М.Рахметовтың «Арман қала» секілді туындылары қойылды.

Шараға «Дархан» мектеп өнер студиясының оқушылары қатысып, Астана бейнесі суреттелген қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ