«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Стадничук Иван Яковлевичтің туғанына 110 жыл толуына арналған тақырыптық дәріс-сағат

2023 жылы 14 шілде күні  Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде кеңестік және қазақстандық суретші, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі Стадничук Иван Яковлевичтің туғанына 110 жыл толуына арналған тақырыптық дәріс-сағат өтті.
Дәріс сағатының мақсаты: суретшінің шығармашылығын насихаттау, оның өмірбаянымен танысу, көрермендердің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Стадничук Иван Яковлевич 1913 жылы Житомир облысы (Украина) Бердичев қаласының маңындағы Халайгородок ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Ташкент көркемсурет училищесін тәмамдаған, А. Волковтың шәкірті. Кейін Ленинградтағы Бүкілресейлік Өнер академиясына оқуға түсті, бірақ оқуы Ұлы Отан соғысының басталуымен үзілді. 1952 жылы майданнан кейін оқуын жалғастырып, тәмамдады. Оның дипломдық жұмысы "Кеңес елінің әйелі" тақырыбындағы плакаттар сериясы болды. Оқуды аяқтағаннан кейін ол Алматы қаласына жұмысқа жіберілді. Суретшілер Одағы жанынан "Жұма" шығармашылық акварель студиясын жүргізді, түлектері бүгінде Қазақстанның танымал суретшілері. Стадничук бүкілодақтық, республикалық, қалалық, аймақаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы болды. Оның жиырмадан астам жеке көрмелері өткізілді. Ол Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Станокты өнердің барлық жанрларында жұмыс істеді. Суретші үлкен шығармашылық мұра қалдырды. Шығармалары Ә. Қастеев атындағы Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінің қорында, отбасылық мұрағатта, сондай-ақ әртүрлі елдердің музейлері мен жеке коллекцияларында сақтаулы.
Көрмені тамашалауға бұл жолы қала тұрғындарымен қатар лагерь демалушылары келді. Көршілес Ресей Федерациясының Астрахань қаласындағы «Жолдастық» қоғамдық ұйымының мүшесі Әлия Ғұмарованың жетекшілігімен Астрахань өңірінде тұратын қазақ балалары Астана қаласындағы Халықаралық «Жас қанат» лагерінде демалған болатын. Олар   Атырауға ат басын бұрып, өңірдегі қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштер мен тарихи орындарды тамашалады,  қаланың көрікті орындарымен танысты.  Сондай-ақ Шаймардан Сариев атындағы Өнер музейінде болып, станокты өнерді өрістеткен қылқалам шебері туралы қызықты лекцияны тыңдап, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Музей залдарын ерекше ықыласпен тамашалады.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ