«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Қайта түлеген қолөнер» тақырыбында Кеңес Айыпқалиевтің көрмесі өткізілді

2023 жылдың 17 тамыз күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы  көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Қайта түлеген қолөнер» тақырыбында белгілі қолөнерші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Кеңес Айыпқалиевтің өнер музей қорындағы қолөнер туындыларынан көрме өткізілді.

Көрменің мақсаты – музей көрермендерін Айыпқалиевтің өмірбаянымен, ерекше шығармашылығы және  Өнер музей қорындағы тың туындыларымен таныстыру.

Айыпқалиев Кеңес Тұңғышбайұлы 1964 жылы 15 тамызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тойсойған ауылында дүниеге келген. 1985 жылдан бері қолөнермен айналысып келеді. 2006 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын бітірген. 1997 жылы ЮНЕСКО көлемінде өткен Қазақстан қолөнер шеберлерінің дипломанты. 2019 жылдан ҚР суретшілер Одағының мүшесі.  Ағаш, сүйек, тері, металл қолдану арқылы ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайды.

Көрмеде Облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі қорындағы Кеңес Айыпқалиевтің «Жұмыр-Қылыш» торсығы, «Біршілік», «Бәйтерек», «Найза», «Қара бура», «Жас қазақ» атты қолөнерлік туындылары қойылып, оқушыларға таныстырылды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ