2023 жылдың 29 тамыз күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 30 тамыз – «Конституция күніне» арналған «Ата Заңым ардақты» тақырыбында дәріс-сағат өтті.
Шараның мақсаты: Оқушыларға Ата Заңымыз туралы түсінік беру. Балаларды Отансүйгіштікке, Ата Заңымызды қастерлеуге тәрбиелеу.
Конституция еліміздің мызғымас бірлігінің белгісі. Ата Заң – бейбітшілік пен ынтымаққа, еркіндік пен теңдікке апаратын даңғыл жол.
Ата Заңымыз – біздің асқақ абыройымыз!
Шараға Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының оқушылары қатысты. Балалар Ата Заңымыз туралы дәріс-сағатты тыңдап, өз білімдерін жетілдіре түсті.