2023 жылдың 12 қыркүйек күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Отбасы күніне» арналған көрме өтті.
Көрменің мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығын арттыру, ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау, жастар арасында патриоттық, «ата-анаға» құрмет, отбасы беделі секілді негізгі отбасылық құндылықтарды нығайту қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ету және көрермендерге музей қорындағы туындыларды ұсыну.
????2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында Отбасы күні атап өтіледі.
Отбасының қоғамдағы рөлін бағаламау қиын. Отбасында әрбір адамның жеке басының іргетасы, кейінгі барлық ұрпақтың сабақтастығы қаланады.
????Отбасы – баланың табиғатына тән әлеуетін ашатын және өмірдегі өз орнын анықтайтын, жақсылыққа, әділеттілікке, шығармашылыққа үйрететін әлеуметтік институт.
Әр адамның жеке қасиеттері, шығармашылық процеске қосқан үлесі оның дамуына әкеледі. Барлық елдердің мемлекеттік органдары тұрақтылық пен әл-ауқаттың кепілі ретінде отбасылық қатынастарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.
Отбасы күніне арналған көрмені экскурсия жүргізуші М.Болатова Жоғары инновациялық халықаралық қатынастар колледжінің (ВИКМО) студенттеріне арнап жүргізді. Көрмеге Сейсенхан Маханбетовтың «Отбасы», «Жас отбасы», Адилгали Баяндинның «Отбасы», «Жас отбасы», Елеугали Даукеновтың «Отаның тыныш - сен тыныш» және т.б. туындылар қойылды.