2023 жылдың 19 қыркүйек күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Атырау-суретшілер көзімен» тақырыбына арналған тақырыптық дәріс-сағат өткізілді.
Дәріс сағат өткізудегі басты мақсат – музейге келуші көрермендерді Өнер музейі қорындағы қылқалам шеберлерінің Атырау қаласының көрінісі бейнелеген туындыларымен таныстыру.
Европа мен Азиянің түйіскен ендігінде бой көтерген әдемі қала – Атырау талай ақындардың тамаша жырларына арқау болса, қылқаламды серік еткен өнер иелерінің де Атыраудың әдемі кескін-келбетін кенеп бетіне жазған туындылары көптеп кездеседі. Бүгінде Теңіз жағасындағы тамаша қаланың келбеті айқындылып келеді, бұл екі мәдениетті біріктіріп тұрған қала. Өткеннің жақсысын жиып алып, жарқын болашаққа ұмтылған қала. Қала көрінісі, оның көрнекті орындары, сәулетті ғимараттары мен әсем көріністері бейнеленген туындылар Өнер музейінің алтын қорында сақталған. Сол қала көріністерін жазуда әрбір суретшінің өз техникасы, өз стилі болады, олардың әрқайсысының өзіне тән шеберлігі бар. Суретшілердің шығармашылық әлемі қаланың көпқырлылығын ашады, белгілі көрікті жерлерді, бірегей архитектураны, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарын, қарапайым тыныш көшелерді бейнелеген туындылары көрерменге жағымды естеліктер береді.
«Атырау – суретшілер көзімен» деп аталған дәріс сағатта М.Давлетьяровтың «Иманғали мешіті», О.Кендірдің «Атырау келбеті», И.Никельдің «Жайық үстіндегі көпір», Қ.Оразғалиевтың «Атырау», Т.Мұқаттың «Мешіт» және Ә.Жантасовтың «Кешкі мезгіл: жаңбырдан соң» тақырыбындағы туындылары туралы айтылды. Дәріс-сағатқа қатысқан Атырау жоғарғы көпсалалы «Болашақ» колледжінің студенттері оны қызыға тыңдап, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Дәріс-сағатты жүргізген экскурсия жүргізуші Әсем Асқарқызы.