?2023 жылдың 3 қазан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 1 қазан – «Халықаралық қарттар күніне» арналған «Жанымның жылуы» тақырыбында ардагер суретшілермен кездесу және музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Шараның мақсаты: Қылқалам шеберлерінің өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу. Өнер музейінің қорындағы суретшілердің туындыларын назарларыңызға ұсыну.
?1990 жылы желтоқсан айының 14 жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Осылайша, біз 1 қазан күні Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Үлкенді сыйлау, оларды құрметтеу – біздің ата-бабадан келе жатқан қасиетті салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел дегендей, даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз.
?Шарамыздың меймандары Атырауда өтіп жатқан «Дала барысы-Мысырдың Бейбарысы» атты суретшілердің республикалық симпозиумының қатысушысы, Алматы қаласынан келген ардагер суретші Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет төс белгісінің иегері Қайрамбаев Жұмақын Қожақынұлы және Атырау қаласынан КСРО ?Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақ өнерінің қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты Телеубай Бақтыгерей Селдірұлы, Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылынан келген ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты Тілек Халин, ҚР Мәдениет саласының үздігі, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының мүше-корреспонденті, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің доценті Аманов Қамбарбек Хасенұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ұлттық дизайн академиясының академигі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Кендір Отарбай Қанатұлы.
?Кездесуде суретшілер өздерінің шығармашылығы жайында, бейнелеу өнері жөнінде, жанына жақын тақырыптар туралы, шәкірттерді үйретуде не нәрсеге көңіл бөлетіндері жайлы ойларымен бөлісті. Шара барысында Атыраулық қылқалам шеберлері Тілек Халин және Қамбербек Аманов ардагер суретшілерге өздерінің «Дала сазы» атты кітап пен «Сырлы дүние» деп аталатын каталог-жинағын сыйға тартты. Музей атынан кеш меймандарына «Қазақстан бейнелеу өнері» атты Өнер музейінің каталогы берілді. Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж мұғалімі Дәулет Құрметұлы кездесуге қатысушы ардагер суретшілерге алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
?«Жанымның жылуы» тақырыбындағы көрмеге музей қорынан С.Маханбетовтың «Отбасы», «Жас отбасы», Ә.Баяндиннің «Отбасы», «Жас отбасы», Қ.Амановтың «Ымырт», Е.Невежиннің «Өткенді еске алу», Т.Халинның «Біздің шарбақ», Ж.Аралбаевтың «Дала дидары», «Нарын құмда», Е.Даукеновтың «Отаның тыныш-сен тыныш» секілді туындылар қойылды.
Шараға Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, арадагер суретшілермен кездесуден ерекше әсер алды