«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Қазақ бейнелеу өнерінің бүгіні мен ертеңі» шығармашылық кездесу сағаты өтті

?2023 жылдың  3 қазан  күні   Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Дала барысы – Мысырдың Бейбарысы» республикалық симпозиумы суретшілерімен және профессор, философия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Тұран» көркемөнер сыйлығының иегері, белгілі өнертанушы Берістен Жанарбек Таниғазыұлының студенттермен «Қазақ бейнелеу өнерінің бүгіні мен ертеңі» шығармашылық кездесу сағаты өтті.

Шараның мақсаты: өтіп жатқан симпозиум аясында студенттермен бейнелеу өнері туралы білімін жан-жақты кеңейту, болашақ суретшілерге бейнелеу өнерінің қыр-сыры, тылсым әлем саналатын  өнердің таныстыру арқылы қызығушылығын ояту.

?Өнертанушы Жанарбек Таниғазыұлы өз сөзінде «Болашақта сендер біреуің, біреуің дизайнер, біреуің қолөнерші боларсыңдар. Сол себептен де осындай шығармашылық аураларды көру керек. Әр суретшінің қалыптасқан өз стилі бар. Үлкен суретші болу үшін біреудің стилін қайталасаң суретші емессің, суретші болу үшін біріншіден батыл болу керек, екіншіден көп оқу керек. Бойларыңда бір пайыз талант болатын болса қалғаны еңбекпен келеді» деген өз ойын ортаға салды. Кездесуге қатысқан студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып жауап алды. 

?«Дала барысы – Мысырдың Бейбарысы» атты  Республикалық симпозиумына қатысушы қылқалам шеберлерімен етене танысып, олардың кенеп бетіне түсіріп жатқан әр туындысы туралы мағлұмат алды. Қызықты деректермен ой бөлісті. Қызықты кездесуден үлкен әсер алған студенттер Атырауға келген меймандар алғысын білдірді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ