«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

"Заманның заңғар тұлғалары" тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме

Бүгін, 19 қазан күні  Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде "Заманның заңғар тұлғалары" тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Көрме-ең қызықты коммуникативті құралдардың бірі. Көрмені өткізудегі мақсат -көркемдік талғамның қалыптасуына ықпал ету. Музей қорындағы картиналарды насихаттау, өткен уақыттағы бейнелеу өнерінің мәдени құндылықтарын меңгеру; музейге келушілердің қызығушылығын арттыру.
Көрмеге Мұхит Қалимов, Сахи Романов, Жоламан Аралбаев, сондай-ақ, әрине, Шаймардан Сариев сияқты белгілі тұлғалардың туындылары қойылды.
70-90-жылдардың ортасында Әбдірашит Сыдыханов, Мұхит Қалимов, Жаңатай Шәрденов, Шаймардан Сариев, Иван Стадничук, Евгений Невежин және т.б. сол кездегі рухани сезімді  қайсар көрсете білген қылқалам шеберлері қалыптасты.
Олар өз шығармаларында қазақ кескіндеме өнерінің ерекше стилін жасаған, ұлттық рухты жаңғыртқан тұлғалар, туындыларында бояулар үйлесімділігімен қатар әр адамның ішкі жан дүниесінің терең психологиялық-философиялық ойларының қосылуын көрсеткен.
Көрмеге Атырау энергетика және құрылыс колледжінен Клешева Фарида Елемесқызының жетекшілігіндегі "Техник-электрик" мамандығының 28-ші тобының 1-ші курс және Ермағамбетова Айгүл Жалелқызының жетекшілігімен "ТКШ объектілерінің инженерлік желілеріне қызмет көрсету жөніндегі шебер" мамандығының 42-ші тобының 1-ші курс студенттері қатысты.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ