2023 жылдың 24 қазан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «25 қазан – Республика күніне» арналған «Мәңгілік жаса, Қазақстаным!» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Көрменің мақсаты: өскелең ұрпаққа республика күні туралы мағлұмат беру. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасалды.
Республика күні - сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған, қазақ халқы біртұтас болып тойлайтын атаулы мерекелеріміздің бірі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз ел.
Өскелең ұрпақ ретінде ата-бабаларымыз ерен еңбегімен алған егемендігін қастерлеу, қадірлеу біздің парызымыз.
Көрмеге Ж.Аралбаевтың «Гүлденген өлке», И.Арыстановтың «Астана», Н.Қалиевтың «Бәйтерек», Т.Оразғалидың «Экспо-2017», М.Давлетьяровтың «Азияға апарар жол», С.Кәрібайдың «Атырау көрінісі», Ә.Жантасовтың «Махамбет-Исатай алаңы», Қ.Оразғалиевтың «Саябақ» және т.б. осы секілді туындылары қойылды.
Шараға С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттері қатысты.