«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Надежда Эксузьянның музей қорындағы туындыларынан көрме

Бүгін, 2 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде суретші, қолөнер шебері Надежда Эксузьянның музей қорындағы туындыларынан көрме өтті.
Эксузьян Надежда Павловна 1958 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Назаровка ауылында дүниеге келген. Ермак қаласындағы "Электрослесарь" мамандығы бойынша кәсіптік-техникалық училищені тәмамдады. Мәскеу өнер университетінде сәндік безендіру және кескіндеме факультетінде сырттай  оқыды. Атырау көлік басқармасында суретші-дизайнер болып қызмет еткен.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Қаржыгерлер күніне» орай  «Ақжелкен» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Ұлттық валюта – теңге» көрмесіне белсенді қатысқаны үшін, 2012 жылы Халықаралық музей күніне арналған «Мұражай – мұралар ордасы» қолөнер шеберлері жәрмеңкесіне қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталып, «Қазақстанның және Украинаның тәуелсіздігіне 20 жыл толуына» орай ұйымдастырылған «Мій рідний краю» атты ХІ облыстық украин халық шығармашылығы фестиваліне қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. 
2013 жылы «Ашық аспан вернисаж аллеясы» тақырыбындағы қолданбалы өнер көрмесіне қатысып, бас жүлдені иеленді. 2014 жылы Саратов қаласында өткен «Жан әуені» атты көрмеге қатысқаны үшін, 2015 жылы «Атыраудың сырлы жауһарлары» атты әйелдер мен қыздар көрмесіне белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының 25 жылдығына» арналған «Ашық аспан астындағы вернисаж аллеясы» тақырыбындағы қолданбалы өнер көрмесіне белсенді қатысқаны үшін дипломмен, 2019 жылы «Дүниежүзілік поэзия күніне» арналған «Поэзии чарующие строки» атты байқауға қатысып, алғыс хатқа ие болды.
Сонымен қатар, 2014 жылы «Пусть теплый и ласковый вечер коснётся твоей души» тақырыбында көрмеге қатысқаны үшін, 2017 жылы "Қызғылт сары армандар" көрмесіне қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.Қазіргі таңда Н.П.Эксузьянның картиналары мен қолөнер бұйымдары Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы- сәндік өнер музейінің қорларында сақтаулы.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ