«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

“Суретшілер туындыларындағы - Күз” атты шығармашылық көрмесі

2023 жылдың 3 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде музей жанындағы көркемсурет студиясы оқушыларының “Суретшілер туындыларындағы - Күз” атты шығармашылық көрмесі өтті. 
Шараның мақсаты: студия оқушыларының сурет салуға деген қызығушылығын, талпынысын арттыру. Күз мезгілінің кереметтігін, жаз табиғатының күзге ауысуы, жапырақтардың сарғыш түске боялып, алтын күзге айналуын студия оқушыларының қылқалам ұшынан шыққан туындылары арқылы бейнелеу.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан”-деп жазылған Абай атамыздың “Күз” өлеңінде күз мезгілінің пейзажын суреттеген секілді. Көрме залына студия оқушылары Аяулым Талғатқызы, Бекәлі Жаролла, Дана Жеткерген, Тамерлан Болатов және т.б оқушылардың күз мезгілі бейнеленген жұмыстары ілінді. Оқушылар ілінген жұмыстарды талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ