«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Ұлттық дәстүр ұлағаты» тақырыбында тақырыптық дәріс-сағаты өтті

2023 жылдың 9 қараша күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Ұлттық дәстүр ұлағаты» тақырыбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қолөнер шебері Гүлмаржан Махамбеттің шығармашылығына арналған тақырыптық дәріс-сағат өтті. 

Шараның мақсаты: музей көрермендерін суретшінің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру. Өнер музейі қорындағы туындыларын насихаттау. 

Махамбетова Гүлмаржан Сәлімгерейқызы 1943 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1972 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдаған.1987 жылдан  Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелігіне қабылданды. Махамбет атындағы Атырау қазақ драма театрының қоюшы-суретшісі болып қызмет атқарды.1978 жылдан Махамбет атындағы Гурьев қазақ драма театрының бас суретшісі. 1992 жылдан сән үлгілерін көрсету және ұлттық киім тігу «Гүлмаржан сән үйі» шығармашылық шеберханасының ұйымдастырушысы және жетекшісі болған. 2006 жылдан бері Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі болып қызмет атқарған. 2004 жылдан  бері Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Суретші қылқаламындағы қайталанбас ұлттық колорит өнерсүйер жұртшылықты бірден елең еткізеді. Өнер иесі қазіргі таңда Атырау қаласында тұрып, еңбек етеді.

Өнер музейінің қорында суретшінің «Үңгірдегі от», «Қазақ ауылы», «Қараша қаздар қайтқанда», «Хауа атаның бейнесі» туындылары бар. Дәріс сағатқа келген Абай орталығынының оқушыларына сол туындылар таныстырылып, музей залдарына экскурсия жүргізілді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ