Бүгін, 21 қараша күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «ХХ ғасырдағы Қазақстанның графикалық өнер шеберлері» тақырыбында тақырыптық дәріс-сағат өтті.
Дәріс-сағатты өткізудің мақсаты: Қазақстанда бейнелеу өнеріндегі графика жанрының пайда болу тарихымен таныстыру, өнерге деген қызығушылықты арттыру, музей қорының туындыларын насихаттау болып табылады.
Графика - бейнелеу өнерінің бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне түрі. Алғашқы графикалық жұмыстар адамзат қоғамының дамуының алғашқы кезеңдерінде, яғни, ежелгі адамдар тастар мен үңгірлердің қабырғаларында, сүйек тақталарында суреттерді сызып тастаған кезде пайда болды. Кесілген немесе боялған тас негіздегі суреттер – жартастағы суреттер немесе петроглифтер деп аталады.Олар мағынасы бойынша әр түрлі тақырыпқа ие болуы мүмкін. Бұл салттық, діни, мемориалдық, символдық бейнелер. Қазақстандық графика көпұлтты көркем мәдениеттің өзіндік дамуымен, реализм қағидаттарының жаңа санасымен, заманауи өнердің алуан түрлілігін ескеретін ерекше стильді іздеумен және шеберлердің жеке ізденістерімен ерекшеленеді. Қазақтардың көшпелі өмір салты жазбаша, ауызша дереккөздердің болуына мүмкіндік бермеді. Символдың, ою-өрнектің және графикалық белгінің (таңба) ақпараттық маңызы зор болды, бұл графикалық өнер мен каллиграфияның дамуына ықпал етті.
Қазақстанның Батыс пен Шығысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолында орналасуы графика өнері мен көркем мәдениеттің ерекше дамуын талап етті.
Заманауи өнерде бұл әсіресе типография мен ою-өрнек өнерінде айқын көрінеді.
Қазақ графикасының көрнекті өкілдері – Константин Баранов, Салахиден Айтбаев, Мақұм Қисамединов, Андрей Дьячкин, Евгений Сидоркин, Николай Гаев болды.
Баранов Константин Яковлевич (1910-1985) - суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). 1927-1930 жылдары – Иркутск қаласында И.Л.Копыловтың өнер шеберхасында білім алған. 1947-1956 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас суретшісі. 1948 – 1951 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Қазақстандық графиканың дамуына зор үлесін қосты.
Айтбаев Салахиден Әбдісадықұлы (1938 – 1994) – қазақ және кеңестік суретші және график. Ленин комсомолы сыйлығының иегері. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988).
Қисамединов Мақұм Мұстахұлы (1939 – 1984) – қазақ графикасының суретшісі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ КСР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
Сидоркин Евгений Матвеевич (1930 – 1982) – кеңестік график-суретші. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері(1965), Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР халық суретшісі (1981).
Дьячкин Андрей Андреевич - қазақстандық график-суретші. 1957 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. 1981 жылдан Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1999 жылдан Мәскеу Суретшілер Одағының мүшесі.
Дәріс сағатқа М. Ломоносов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты, олар бейнелеу өнерінің ерекше түрімен, сондай-ақ графиканың жарқын өкілдерінің өмірбаяндарын қызығушылықпен тыңдап, жақынырақ танысты. Дәріс сағатты экскурсия жүргізушісі М. Болатқызы өткізді.