2023 жылдың 8 желтоқсан күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» арналған сурет көрмесі өтті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен (БҰҰ) жарияланды және жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылдың осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қол қою үшін ашылды.
БҰҰ Конвенциясы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кінәлілерді жазалау шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтарын қарастырады. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізуді, тиісті заңдарды бекітуді және осы құбылыспен күресу үшін арнайы органдар құруды міндеттейді.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсене араласқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетті.
Көрменің мақсаты: студенттерге пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтынын, үлкен қылмыс ретінде саналатынын, жемқорлықтың түп тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет екендігін ұғындыру.
Көрмеге келген Атырау сервис колледжінің студенттері Өнер музейінің II қабатында орналасқан экспозиция залындағы аталған көрмені тамашалады. Көрмеге қазақстандық суретші Сағидолла Ахтановтың 10 жұмысы қойылды. Суретші осы тақырыпқа плакаттардың тұтас сериясын арнаған. Осылайша қылқалам шебері Ахтанов қоғамның әлеуметтік зұлымдығына өз көзқарасын білдіруді жөн көрді. Ол сатираның көмегімен медицинадағы, жол полициясындағы, саясаттағы, сот жүйесіндегі жемқорлықтың қоршаған ортаға орны толмас зиян келтіретінін осылайша бере білген.