2024 жылдың 18 қантар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Қылқаламнан құйылған тарих» тақырыбында тарихи тақырыпқа арналған көрме өткізілді.
Шараның мақсаты: музей көрермендерін музей қорындағы тарихи тақырыпқа негізделген туындылармен таныстыру.
Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі-Сарайшық қаласы.
Сарайшық — Қазақ хандығының ең алғашқы астанасы. Көне шаһар Атырау қаласынан 50 ша¬қырым қашықтықтағы Махамбет ауда¬нының аумағында орналасқан. Бұл жерге кезінде үш жүз толықтай мойындаған 12 әулиенің мүрдесі қойылған. Сарайшық жерінде жеті ханның сүйегі мен бір ханның басы жерленген.
Ал шаһар атағының дүниежүзіне белгілі болғандығының бірден-бір себебі – Сарайшықтың кезінде Еуропа, Азия, Түркия, Моңғолия, Қытайды байланыс¬тырып тұрған Ұлы Жібек жолының бойындағы ең ірі қалалардың бірі болуы. Тоғыз жолдың торабында орналасуы – Сарайшықтың салтанатын өз кезінде бірнеше есе шарықтатып, даңқын көкке өрлеткен.
Көрмеде Ж.Матураимовтың «Сарайшық аңызы», С.Маханбетовтың «Сарайшыққа Сығанақпен жеткен керуен», Н.Жәрдемовтің «Тарих шерткен Сарайшық», Ә.Жантасовтың «Сарайшық», Ә.Жүргеновтің «Сыбызғы үні», Ә.Баяндиннің «Хан жарлығы» және басқа да туындылар таныстырылып, музей залдарына экскурсия жүргізілді. Көрмені 2024 жылғы 15-19 қаңтар аралығында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары» тақырыбында ұйымдастырылған жоспарлы біліктілік арттыру семинар тыңдаушылары тамашалады.