2024 жылдың 1 ақпан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ж.Аралбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ж.Аралбаевтың тұлғалық әлемі» тақырыбында музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Шараның мақсаты: Қылқалам шеберінің шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның туындыларын жұртшылыққа насихаттау.
Жоламан Аралбаев 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. 1972 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. 1979 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. 2003 жылдан ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Қылқалам шебері Германия, Венгрия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Бирма, Малайзия, Алжир, Марокко, Тунис, Пәкістан елдерінде өткен көрмелерге қатысқан. Шығармашылық жұмыстарына арналған көрмелер еліміздің бірқатар қалаларында да өткен. Атырау қаласында тұрып еңбек еткен.
Көрмеде қылқалам шеберінің «Туған жер», «Жаңғырық», «Күту», «Қалыңдық», «Күзгі құбылыс», «Мәдениет үйі», «Ақшомшы» т.б туындылары қойылып таныстырылды.
Көрмені: 33 Қасым Қайсенов орта мектебінің оқушылары тамашалады.