«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Батик өнерінің сиқырлы сыры» тақырыбында дәріс-сағаты өтті

?2024 жылы 24 қаңтар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Батик өнерінің сиқырлы сыры» тақырыбында дәріс-сағаты өтті.

?Дәріс-сағат мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің батик жанры туралы түсінік беру; сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылығын арттыру; Мата үстіне сурет салу кезінде құрал - жабдықтарды қолдану тәсілімен таныстыру.

Әр халықтың өзіндік қолөнері бар екені барлығымызға аян. Қолөнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылығы. Қолөнердің бір түрі батик өнері. Батик өнерінің Отаны Қытай және Үнді елі. Бірақ бұл батик өнері Индонезия елінде Ява және Бали аралдарында дамып, бүкіл әлемге тараған өнер. Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик. Негізі «Батик» — сөзінің аудармасы (ыстық балауызбен сурет салу) яғни матаға суретті түсіру үшін ерітілген балауызды қолдану.

Батик – матаға сурет салу техникасы.

Батик өндірісінде бояғыштардан басқа арнайы композициялар да жетерлік. Мәселен, матаны дайындауға ерекше назар аударылады. Біркелкі және қажетті тығыздықты беру үшін оны сіңдіріп, мұқият ағартып, қайнатады. Осыдан кейін бояудың көп күндік процесі басталатын көрінеді.

?Ш.Сариев атындағы Өнер музейінің қорында батик жанрында жазылған Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Халифа Мусина мен Камила Жапалованың туындылары сақталған. Олардың картиналарының өзіндік сипаты мен стилі ерекше, матаға көркем сурет салу арқылы қайталанбас тың дүниелер жаза білді. Бүгінгі шараға қатысқан оқушылар, қала көрермендері батик жанры бойынша жан-жақты мағлұмат алып, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ