«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Музей саласында қолданылатын инновациялық жобалар»

2020 жылғы 22 қаңтар күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Музей саласында қолданылатын инновациялық жобалар» атты «TORUS.KZ» ЖШС-мен бірлескен тұсаукесер салтанаты өтті. Шараның мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, музейдегі құнды, маңызы бар жәдігерлерді цифрландыру және электронды деректер базасына енгізу. Қазір өнер музейіндегі туындылар электронды базаға біртіндеп енгізіле бастады. Бүгінгі таңда музейдің маңыздылығын арттыру үшін интерактивті музейлер қатары көбейген. Бұл заман талабы. Виртуальды тур құруға, музей экспонаттарының 3 өлшемді модельдерін, музей экспонаттарын сенсорлық терминал үшін бағдарламалық-интерактивтік кешенді бағдарлама жасақтауға бағытталған жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді. Жаңа технологиялар қатарында: бейнешоу, панорамалық проекциялар, интерактивті макеттер, 3D инфографика, видеоқабырғалар және тағы басқалар бар.

Виртуалдық музейлер желісін құру және музей қорын цифрлау бойынша тұсаукесер салтанатын Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы ашып, баға жетпес ұлттық құндылықтарымыз – тарихи мұраларды цифрлық форматқа ауыстыру – цифрландыру мәселесі бүгінгі күннің басты талабы екендігін атап өтті. «TORUS.KZ» ЖШС директоры Ғабдоллаев Дәурен Ғаріпұлы жаңа виртуалды тур жұмысымен таныстырды. Салтанатты шара барысында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония өнерпаздары өнер көрсетіп, әсем әуенмен шараға көрік берді. Лента қию рәсімі өтіп, келушілерге «Музей саласында қолданылатын инновациялық жобалар» тақырыбындағы жоба жұмысы таныстырылды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ