2024 жылдың 14 ақпан күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Суретшінің көркемдік әлемі» тақырыбында ҚР Суретшілер Одағының Мүшесі Айтмағамбетов Абай Ыдырысұлының музей қоры туындыларынан көрме өтті.
Шараның мақсаты: Қылқалам шеберінің шығармашылығын кеңінен таныстыру, суретшінің туындыларын музейге келуші көрермендер мен жұртшылыққа насихаттау.
Абай Айтмағамбетов 1949 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы Көркемсурет училищесін тәмамдаған. 1991 жылдан ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. 1997 жылдан көрмелерге қатысушы. Шығармашылық жұмыстарына арналған көрмелер еліміздің бірқатар қалаларында да өткен.
Өнер музейінің қорында суретшінің бірнеше туындылары сақтаулы.
Көрмеде қылқалам шеберінің «Кешкілік саз», «Таң.Сутягин бақшасы», «Қысқы балық аулау», «Жайықтың жағасында», «Тәуелсіз Қазақстан», «Ерте түскен күз» т.б туындылары қойылып таныстырылды.