2024 жылдың 27 ақпанында Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік - өнер музейінде «Қазақстанның қолданбалы-сәндік өнері» тақырыбында тақырыптық дәріс сағат өтті.
Дәріс-сағаттың мақсаты-өнерге деген қызығушылықты қолдау, суретшілердің шығармашылығын насихаттау және музей қорымен жұмыс жасау.
Қолданбалы өнер-қазақ халқының өзіндік шығармашылығының жарқын саласы.
Қазақтың қолданбалы-сәндік өнерінің айрықша ерекшелігі оның көшпелі өркениеттің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тығыз байланысты.
Қазақ халқы қоршаған әлем туралы ғасырлар бойы жинақталған әсерлері мен идеялар қорын өзінің ою-өрнек өнері мен түс символикасында бейнелеген.
Дәріс сағатын Атамбаев атындағы 8 орта мектебінің оқушылары тыңдап, К.Айыпқалиев, Н.Қалиев, К.Жапалова, М. Шеруен, Қ. Шапабаев, Х.Мусина, С. Матениязов, Б. Әлібай сияқты шеберлердің жұмыстарымен танысты.
Ежелгі халық өнері бүгінде жаңаша үрдіс алған. Оның ортақ мақсаттылық пен логикалық заңдарға сәйкестігі бар. Өнердің өмір сүру көзі ұрпақтар сабақтастығы мен бүкіл тарихи дәуірлердің арқасында таусылмайды.