?2024 жылдың 5 наурыз күні Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған көркемсурет студиясы оқушыларының "Аяулы анашым" атты көрмесі өтті.
?Шараның мақсаты: Жас қылқалам шеберлерінің шығармашылығына қолдау жасау, дарынды талант иелерін табу, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Көрмеге көркемсурет студиясы оқушыларының жұмысы қойылды. Әрбір жұмыс ерекше, үлкен ықылас пен сүйіспеншілікпен бейнеленген. Оқушылардың суреті анаға деген шексіз махаббатын көрсетеді.