«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Өмірін өнерге айналдырған» тақырыбында шығармашылық көрме

2024 жылғы 7 наурыз күні Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қабдол Досниязовтың 85 жылдығына арналған «Өмірін өнерге айналдырған» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге суретшінің алуан тақырыпта салынған туындылары қойылды.  ​Көрмені ұйымдастырудағы мақсат талантты жерлесіміз, суретші Қ.Досниязовтың өнегеге толы өмір жолы мен өнерін насихаттау, кейінгі ұрпаққа ұлағат ету. Қабдол Досниязов 1939 жылы Атырау облысының Балықшы ауданы, Жұмыскер ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1987 жылдан бастап ҚР суретшілер Одағының мүшесі. 1991 жылы Атырау, Алматы қалаларында жеке көрмесі өткізілген. 1982-1994 жылдар аралығында Атырау облыстық Суретшілер Одағында жұмыс істеді. Республикалық, одақтық көрмелерге қатысқан туындылары көпшіліктің көңілінен шыққан. Мәселен, «Домбыра жайында аңыз» суретшінің алғашқы туындыларының бірі. Сурет аңыз желісімен салынған. Картинада ашық түстер аңыз кейіпкерлеріне,  қара қоңыр түстер жағымсыз іс-қылықтар мен жамандыққа бағыттала суреттелген.  Сәндік-графикалық стильде салынған «Киіктердің көз жасы» деген еңбегі  аңшылар өмірімен байланысты бейнеленген.  Бұдан басқа «Мұз қоймасы» шығармасында Атырау қаласы іргесіндегі Жұмыскер кентіндегі балық қатыруға мұз дайындау үдерісі бейнеленсе, «Мерекелі Гурьев» суретінде еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі облыс орталығындағы мереке күнгі тамаша думан көрініс тапқан. Ол соңына өшпес мұра қалдырған талант иесі. Көрмеге қойылған әр туынды тереңнен сыр шертеді. Салтанатты шарада Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, әріптес қылқалам шеберлері Қамбарбек Аманов, Бақтыгерей Телеубай, сондай-ақ қылқалам шеберінің ұлы  Досниязов Айхан Қабдолұлы және нағашысы Сәтібай Иманалиев, сондай-ақ кеш мейманы Төлепов Төрәлі Әлиханұлы сөз алып, еңбек жолында әрбір істің бастауында жүріп, оны аяғына дейін жеткізген тұлғаның бейнелеу әлеміндегі қолтаңбасы ерекше екендігін, «асыл мұрасы» әркез насихаттала беретіндігін жеткізді. Көрермендер көрмеден тамаша әсер алды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ