«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты музей қорындағы қолөнерлік туындыларынан көрме

2024 жылдың 19 наурыз күні  Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде  «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесіне арналған «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты музей қорындағы қолөнерлік туындыларынан көрме өтті. 
 Шараның мақсаты: оқушыларды қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.
Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің сонау ерте заманнан бері қалыптасып келетін көп ғасырлық тарихы бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты қолөнердің сан алуан түрі бар. Күнделікті пайдаланатын тұрмыстық заттардан бастап, қыздардың әшекей бұйымдары киім –кешектері, үйге қажетті құрал- жабдықтар , ыдыс-аяқтар , көрпешелердегі түрлі  ою-өрнектер осының барлығы дерлік тұнып тұрған тарихтан сыр шеретін,  қажырлы еңбекті қажет ететін халқымыздың қолөнері.
Халық қолөнерінің бай мұралары өнер музей қорында да бар. Қ.Сатпаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушыларына қазақ халқының қолөнері – көшпенді халықтың қолданысына ыңғайлы сәнді бұйымдар жасайтын қолөнер шеберлерінің  қолынан шыққан бұйымдармен жасақталған қолөнер залдары таныстырылып, музей залдарына экскурсия жүргізілді.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ