2024 жылы 26 маусым күні Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында дәріс-сағаты өтті.
Дәріс-сағат мақсаты: Оқушыларға нашақорлықтың зияндылығы туралы түсінік беру;
Нашақорлық – бұл жалпыға ортақ мәселе, өйткені ол біздің қоғамның дамуымен байланысты.
Нашақорлық - наркомания (грек тілінен narke - мелшию және manіa - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткі түрлері: токсикомания, марихуана, героин, кокаин, экстази.
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп жағдайда білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруден басталады.
Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар келесідей: ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы, ата-анасының жиі жанжалдасуы, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілмеуі, алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы.
Дәріс барысында есірткінің қандай түрлері бар, олардың ағзаға қалай әсер ететіні, нашақорлықтың қандай салдары бар екендігі талқыланды. Осы орайда студия оқушылары нашақорлыққа қарсы “Біз өмірді таңдаймыз” тақырыбында өз туындыларын қағаз бетіне түсірді.