«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Евгений Матвеевич Сидоркиннің туғанына 90 жыл толуына арналған

2020 жылдың 24 қаңтар күні Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Евгений Матвеевич Сидоркиннің туғанына 90 жыл толуына орай мектеп оқушыларына тақырыптық-дәріс өткізілді.

Көрменің мақсаты: Қазақстан графикасы жайлы, Евгений Сидоркин туралы түсінік беру. Суретшінің шығармашылық мұрасы қазақтың ұлттық өнері мен дәстүрін, тарихы мен әдебиетін ұлықтауға арналған. Қазақстандағы оның алғашқы жұмысы 1958 жылы орындалған "Көңілді алдаушылар" атты акварельдер топтамасы. Бұл туындылар халық ертегілері негізінде жасалды. Оның басты кейіпкерлері – есімдері аңызға айналған дала данышпандары. 1960 жылы суретші М. Әуезовтің шоқтығы биік "Абай жолы" шығармасын көркемдеген.

Сидоркин Евгений Матвеевич 1930 жылы 9 мамырда Киров облысы Лебяжье селосында дүниеге келген. Сурет салуға жастайынан қызыққан. Осы бағытта алғаш білімді Қазан көркемсурет училищесінен алған. 1951-1952 жылдары Латыш КСР Көркем Академиясында оқыған. 1957 жылы И.Е.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын тәмамдаған. Атаулы оқу орнын бітіргеннен кейін суретші Алматыға келіп, өзінің шығармашылық жолын тікелей Қазақстан өнерімен байланыстырған. Көрмеге музей қорындағы суретшінің «Қазақстан жерінде», «Керемет мұқаба», «Сатыда», «Қырғыз ертегілері», «Шайхана» атты туындылары қойылды. Көрмені тамашалауға №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп, №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп, №8 Д.Атамбаев атындағы орта мектеп оқушылары келді. Сонымен қатар келушілерге музей залдарына экскурсия жүргізіліп, таныстырылды.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ