2025 жылдың 24 қаңтар күні сағат 11:00-де Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Қыс қызықтары» тақырыбындағы музей жанындағы көркемсурет студиясы оқушыларының шығармашылық көрмесі өткізілді.
Шығармашылық көрме өткізудегі негізгі мақсат – студия оқушыларына қыз мезгілінің өзіне тән құбылыстары мен табиғи ерекшеліктері туралы түсінік беру
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.
Аталған шарада студия оқушылары тақырыпқа сай сурет салды. Әр оқушының туындысы көз қызығарлықтай әдемі бейнеленген.