2025 жылдың 7 ақпан күні Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Теңіз пейзажы» тақырыбында музей қоры туындыларынан дәріс-сағат өтті.
Дәріс сағаттың мақсаты – отандық танымал қылқалам шеберлерінің туындыларымен таныстыру. Теңіз көрінісі бұл фотосурет, кескіндеме, немесе басқа өнер туындысы онда бейнеленген теңіздің табиғаттың көрінісі. Пейзаж, ол алғаш рет өнердегі жер бейнелері үшін қолданылған,осыған ұқсас термин даму арқылы "теңіз көрінісі" теңіздің өзі туралы нақты түсініктерді де білдіре бастады.
Теңіз пейзажы сөзі алғаш рет 1790 жылы жазылып, енгізілген. Қазіргі заманда теңіз көріністері бейнелеу кезінде табиғаттың шынайылығын сипаттау үшін салынады. Теңіз пейзажында су бетінің қозғалысы мен толқындардың қарқыны ерекше шеберлікпен жеткізіледі.
Дәріс сағатта Ш.Сариев өнер музейі қорындағы В.Фарберовтың «Теңіз», С.Маханбетовтың «Теңіздегі аласапыран», И.Жақановтың «Каспий кеші», А.Бажановтың«Каспий жағасында», К.Отарбайдың «Кәрі Каспий» және «Жағадағы кемелер» тақырыбындағы туындылар таныстырылды.
Дәріс сағатты Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері және қала тұрғындары тыңдады. Сонымен қатар,музей залдарына экскурсия жүргізілді.