«Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау облыстық
Шаймардан Сариев атындағы
көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» КМҚК

Қазақ хандығының 555 жылдығына орай музей қоры туындыларынан көрме өтті

2020 жылы 14 ақпан күні Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақ хандығының 555 жылдығына орай музей қоры туындыларынан көрме өтті.

Көрменің мақсаты: Қазақстан елі ата-бабаларымыздың бай тарихы мен мәдени мұрасының иесі, ал өз тарихын зерттеп, танып-білу жас ұрпаққа аманат екендігін насихаттау. 

Тарихқа үңілетін болсақ, қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың құрылуы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінен бастау алған. Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Қазақ хандығының құрылуы ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, байырғы заманнан  өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алған қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы рөлімен көзге түсуде. Сондықтан, мемлекетіміздің 555 жылдық тарихын еске алатын бұл көрме музейге келушілердің қызығушылығын арттырды. Қойнауы қат-қабат қалың парақтармен толысқан тарих шежіресі суретшілердің туындыларында көрініс тапқан. Көрмеге қойылған Б.Телеубай «Бөкей хан бейнесі», Қ.Аманов «Шора батырдың Қазан қаласын қорғауға баруы», «Бөкей ханның Жайықтан өтуі», «Елбасы Н.Ә.Назарбаев»,  Н.Қалиев «Қазақ хандығына 550 жыл»,  О.Айса «Қобыланды батыр», С.Тоқтамыс «Сарайшық ханшасы» және Қ.Кенжеғалиұлының «Мәңгілік ел»   атты т.б. туындыларын Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназия мектеп оқушылары тамашалады. Барлығы: 28 адам.

Жұмыс кестесі

КҮНІ
УАҚЫТЫ
Дүйсенбі
9:00–18:30
Сейсенбі
9:00–18:30
Сәрсенбі
9:00–18:30
Бейсенбі
9:00–18:30
Жұма
9:00–18:30
Сенбі
9:00–18:30
Жексенбі
9:00–18:30
Түскі үзіліс
13:00–14:30
Телефон:
+7 (7122) 35-48-03
Электронды мекен жай:
muzei92@mail.ru
Мекен жай:
060002, Атырау қаласы,
Азаттық даңғылы, 11
Designed by TORUS.KZ